18 жастағы атақты қазақстандық гимнасшы мансабын аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан көркем гимнастикасының жұлдызы Эрика Жайлауова кәсіби спорттағы мансабын тоқтатты. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. 

18 жастағы атақты қазақстандық гимнасшы мансабын аяқтады
instagram/@zh8erika

15 жыл бойы гимнастикамен

Жайлауова өмірінің басым бөлігін көркем гимнастикаға арнағанын айтып, бұл кезеңнің өзі үшін ерекше мектеп болғанын жеткізді.

Оның сөзінше, 15 жылдық жол еңбекпен, эмоциямен, жеңіс пен жеңіліспен өрілген. Сондай-ақ спорт оның мінезін қалыптастырып, тұлға ретінде өсуіне әсер еткен.

Спортшы ата-анасына, бапкерлеріне және өзіне сенген жандарға алғыс айтып, өмірінде жаңа тарау бастайтынын мәлімдеді.

Эрика Жайлауованың басты жетістіктері

Эрика Жайлауова Қазақстан құрамасы сапында халықаралық аренада бірнеше маңызды нәтиже көрсетті:

  • Ханчжоу-2022 Азия ойындары: командалық жарыста күміс жүлде
  • Азия чемпионаты: командалық сайыста алтын медаль
  • Азия чемпионаты: лентадағы жаттығуда күміс жүлде (жеке нәтиже)

Отбасы спортының жолы

Эрика — Қазақстан спортында танымал фамилия. Ол хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, қазір ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Жайлауовтың қызы.

Айта кетейік, ақпан айының басында Қазақстанның тағы бір титулды гимнасшысы Милана Парфилова да мансабын аяқтағанын жариялады. Ол да Ханчжоу-2022 Азия ойындарында командалық турнирде күміс, ал жеке көпсайыста қола жүлде алған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір