Күнде медаль! Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы жүлдегер атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Бакуде спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Милад Карими күміс медаль иеленді.

Күнде медаль! Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы жүлдегер атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Бұл жолы қазақстандық гимнаст кермедегі жаттығуларда үздіктер қатарынан көрінді. Финалда Карими төрешілерден 15.033 ұпай алып, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Алтын медальді Тайбэй өкілі Тан Цзя-Хун жеңіп алды. Оның нәтижесі — 15.366 ұпай. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14.400 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық тағы бір спортшы Дияс Тойшыбек финалда 13.900 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Милад Карими күні кеше осы жарыстың еркін жаттығулар бағдарламасында күміс медаль еншілеген. Осылайша ол Баку кезеңін екі күміс жүлдемен түйіндеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір