Халықаралық әйелдер күніне арнап Гиннестің рекордтар кітабы ерлердің жетістіктерінен асып түскен әйелдердің ерекше рекордтарын жариялады.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Гиннестің рекордтар кітабы әйелдердің ерекше жетістіктеріне арналған арнайы жинақ жариялады. Онда тек рекорд орнатып қана қоймай, ерлердің нәтижелерінен асып түскен әйелдердің әсерлі оқиғалары қамтылған. Бұл туралы kursiv.media хабарлады.
Британиялық спортшылар Рэйчел Марсден мен Кэтрин Диксон “Алиса” атты тандем-велосипедпен жер шарын 263 күнде айналып өтті.
Бұл көрсеткіш ерлердің бұрынғы рекорды — 281 күннен әлдеқайда жылдам. Сапар барысында олар қайырымдылық мақсатында ондаған мың фунт стерлинг жинап, табандылық пен командалық жұмыстың маңызын дәлелдеді.
Америкалық жүгіруші Кэндис Бёрт бастапқыда қатарынан 100 ультрамарафон жүгіріп өтуді жоспарлаған. Алайда ол тоқтамай, нәтижесінде 200 күн бойы күн сайын ультрақашықтыққа жүгіріп шықты.
Салыстыру үшін, бұл бағыттағы ерлердің рекорды 80 күн ғана. Бёрттің жетістігі төзімділік пен тәртіптің символына айналды.
Америкалық спортшы Кортни Дауолтер небәрі 70 күннің ішінде ең беделді үш ультрамарафонды жеңіп алды:
Бұл жарыстардың жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асады, ал биіктік айырмасы он Эверестке тең.
Канадалық Хизер Брей ерекше рекорд орнатты. Ол белтемірді (хула-хуп) тоқтатпай айналдыра отырып 10 шақырымды 52 минутта жүгіріп өтті.
Ал ерлер арасындағы көрсеткіш — 1 сағат 25 минут.
Кейін ол Элвис костюмін киіп, марафонды 3 сағат 13 минутта аяқтап, тағы бір ерекше жетістікке жетті.
Мексикалық альпинист Виридиана Альварес Чавес бірнеше рекорд орнатқан:
Ол қарапайым кеңсе қызметкерінен әлемдік рекордшыға айналып, Гиннестің Құрмет залына енді.
Гиннес жинағында әйелдердің тағы бірнеше ерекше жетістігі атап өтілген: