Софья Самоделкина әлем чемпионатының финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында қысқа бағдарламаны сәтті орындады.

Чехияның Прага қаласында өтіп жатқан жарыста қазақстандық спортшы 66,95 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған үздік 24 қатысушы қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алуға мүмкіндік берді. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бірінші орынды жапониялық Каори Сакамото иеленсе, екінші орын отандасы Монэ Тибаның еншісінде. Үздік үштікті АҚШ-тың үш дүркін чемпионы Эмбер Гленн түйіндеді .

Келесі кезең еркін бағдарлама 27 наурыз күні Астана уақытымен 22:00-де басталады. Дәл осы кезеңде жеңімпаздар анықталады.

Айта кетсек, Самоделкина үшін бұл маусым сәтті өтіп жатыр. Бұған дейін ол қысқы Олимпиада ойындарында жеке рекордын жаңартып, 10-шы орын иеленген.