Олимпиада чемпионы гендерлік тестке қарсылығын білдірді
Олимпиада чемпионы Кастер Семеня ХОК-ті және оның президенті Кирсти Ковентриді әйелдер жарыстарына қатысушылардың гендерін тексеруді талап еткені үшін қатты сынады.
Оңтүстік африкалық спринтер , 800 метрге жүгіруден екі дүркін Олимпиада чемпионы, комитеттің жаңа саясатын "әйелдерді құрметтемеу" деп санайды. Гиперандрогендік жағдайы бар спортшы бұл өзгерісті зимбабвелік жаңа президенттің қабылданғанына наразылығын білдірді.
"Енді біз әйел ретінде спортпен айналысуға лайық екенімізді дәлелдеуіміз керек сияқты. Бұл әйелдерге деген құрметсіздік.”
Семеня спортшылардың гиперандрогениямен күресінің символына айналды. 2025 жылы ол еуропалық адам құқықтары сотында әйелдердің жеңіл атлетикаға қатысуын шектейтін ережелерге қарсы жеті жылдық заңды шайқаста ішінара жеңіске жетті.
Олимпиададағы өзгеріс
1968-1996 жылдары Халықаралық Олимпиада комитеті спортшылардың хромосомаларын тексеріп келген. Бірақ 1999 жылы ғылыми қауымдастық қысымымен бұл тәжірибені тоқтатқан. Ал жаңа саясатқа сәйкес, әйелдер тек бір реттік SRY геніне тест тапсырады және нәтиже өмір бойы жарамды болады. Комитет жаңа саясаттың Олимпиададағы әділдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.
Біз жариялаған саясат ғылыми дәлелдерге негізделген және медициналық сарапшылардың басшылығымен жасалған, — деді Кирсти Ковентри.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бұл өзгерісті мақтап, оны әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау деп атап өтті. Жаңа саясат 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы гендерлік жанжалдардан кейін енгізілуде. Онда боксшылар арасында жарыстарға қатысу мен біліктілік мәселелері бойынша даулы жағдайлар туындаған, бұл халықаралық спорт қауымдастығында көп талқыланған еді.