Қазақстандық таэквондошылар ірі турнирде бес медаль жеңді
Жарыс Түркияның Анталья қаласында өтіп жатыр.
olympic.kz
Қазақстан құрамасы Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық Turkiye Open-2026 таеквондо турнирінде сәтті өнер көрсетіп, бес медаль жеңіп алды.
Күміс медаль — Айдана Құмартаевада
Әйелдер құрамасы арасынан ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшы — Айдана Құмартаева. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан қоржынында төрт қола
Сонымен қатар, тағы төрт қазақстандық таеквондошы үздік үштікке еніп, қола медальға ие болды:
- Нодира Ахмедова (53 кг)
- Айдана Сүндетбай (53 кг)
- Мария Севостьянова (57 кг)
- Назым Махмұтова (73 кг)
Ерлер бәсекесі алда
Turkiye Open-2026 турнирі әлі аяқталған жоқ. Жарыстың соңғы күні ерлер арасындағы бәсекелер өтеді. Қазақстан құрамасы бұл кезеңде де жүлде санын арттыруға мүмкіндік алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet