Бибісара Асаубаева әлемдік додада негізгі фаворитті жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турнирінде жеңіске жетті.

Бибісара Асаубаева әлемдік додада негізгі фаворитті жеңді
Шахмат федерациясы

10-тур аясында қазақстандық спортшы әлем рейтингінде екінші тұрған қытайлық Чжу Цзиньэрмен кездесіп, қарсыласын сенсациялық түрде жеңді. Бұл Бибісараның осы турнирдегі Цзиньэрге қарсы екінші жеңісі.

Бұған дейін олар үшінші турда кездесіп, қытайлық шахматшы отандасымыздан ұтылған еді. Чжу Цзиньэр жарысқа басты фаворит ретінде келген. Ол 2026 жылғы FIDE рейтингінде Хоу Ифаньнан кейінгі әлемнің екінші нөмірлі ойыншысы саналады. Ал отандасымыз қазір топ ондықта , 2516 ұпаймен 9-орынды иеленді. Қазіргі таңда Асаубаеваның еншісінде 5 ұпай , 2 жеңіс, 6 тең ойын және 2 жеңіліс бар.

Турнир форматы

Турнир 28 наурызда басталып, 16 сәуірге дейін жалғасады. Қатысушылар 14 турдан тұратын айналмалы жүйе бойынша ойнайды. Жеңімпаз әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен шахмат тәжіне таласу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы жүлде қоры - 300 мың еуро. Жеңімпаздар:

  • 1 орын үшін 28 мың еуро
  • күміс жүлдеге 17 мың еуро
  • ал қола медальға 8600 еуромен марапатталады.

Сонымен қатар, ойыншы әр жарты ұпай үшін 2200 еуро алады. Айта кету керек, Қазақстан тарихында алғаш рет отандық шахматшы әйелдер арасындағы үміткерлер турниріне қатысып отыр.