Қазақстандық мерген әлем кубогында үздік ондыққа енді

Сарапшы, спорт журналисі

Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық мерген Валерий Рахымжан үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық мерген әлем кубогында үздік ондыққа енді
Ұлттық олимпиадалық комитет

10 метр қашықтықтан тапаншамен ату бағдарламасында Рахымжан жарысты 8-орынмен аяқтады. Жүлделі орындарды атап өтсек:

  • Алтын жүлдені қытайлық Бу Шуайхан иеленді
  • Күміс медаль ресейлік Антон Аристарховқа бұйырды
  • Қола жүлдені түркиялық Бугра Селимзаде жеңіп алды.

Валерий Рахымжан биыл ақпан айында өткен Азия чемпионатында 10 метрден пневматикалық тапанша бойынша күміс жүлде иеленіп, командалық сайыста қола медальға қол жеткізді. Ал 2025 жылғы Германияның Мюнхен қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иегері атанған. Биылғы Әлем кубогының бірінші кезеңі 52 елден 434 спортшының қатысуымен өтіп жатыр, ұлттық құрама сапына 15 спортшы енді.

Құрама ойыншылары: 

  • Сәуле Әлімбек, Елизавета Безрукова, Арина Малиновская
  • Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов
  • Валерий Рахымжан, Никита Шахторин, Руслан Юнусметов
  • Артемий Кабаков, Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев
  • Валерия Поспелова, София Шульженко, Ирина Старова