ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Әлем чемпионына Қарағандыда пәтер кілті табысталды

Осылайша, қазақстандық ауыр атлетика жұлдызына құрмет көрсетілді. 

Әлем чемпионына Қарағандыда пәтер кілті табысталды
NUR.KZ

Қазақстандық ауыр атлет, әлем чемпионы Артем Антроповқа пәтер кілті табысталды. Салтанатты рәсім Қарағанды қаласында өтті.

Құрмет пен қолдау

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, бұл сый спортшының жоғары жетістіктері мен ел спортына қосқан үлесін бағалау мақсатында берілген.

Ұйым өкілдері мұндай қолдау спортшыларға жаңа жеңістерге мотивация беріп қана қоймай, жас ұрпақты спортқа тартуға ықпал ететінін атап өтті.

"Спортшыларымыздың еңбегі мен жетістіктерін жоғары бағалау – олардың жаңа белестерді бағындыруына серпін береді", – делінген хабарламада.

Артем Антроповтың жетістіктері

Артем Антропов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол:

  • бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы
  • жастар арасындағы екі дүркін Азия чемпионы
  • жастар арасындағы әлем чемпионы
  • ересектер арасындағы әлем чемпионы

Сонымен қатар, ол – Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының мүшесі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.