Бибісара Асаубаева титулға бір қадам жақындады
Қазақстандық шахматшы әйелдер арасындағы Үміткерлер турнирінде көшбасшылар қатарына енді.
Жеңіске бір қадам
Қазақстандық шахматшы 13-турда бәсекелесі Анна Музычукты ұтып, төртінші рет турнирде жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Бибісара жалпы 7,5 ұпай жинап, үндістандық Рамешбабу Вайшалимен 1-2 орындарды бөлісіп тұр.
Турнирдің тағдыры 15 сәуірде шешіледі. Асаубаева бұл кездесуде үндістандық Дивья Дешмукхпен ойнайды. Алғашқы ойында қазақастандық шахматшы жеңіліс тапқан.
Турнир 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында Кипрдің Пафос қаласында өтуде. Сайыс жеңімпазы әйелдер арасындағы әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен кездеседі.
Өзбекстандық шахматшы жеңімпаз атанды
Ал ерлер арасындағы 2026 жылғы Үміткерлер турнирін 20 жастағы өзбекстандық гроссмейстер Джавохир Синдаров мерзімінен бұрын жеңіп алды.
Ол 13-турда тәжірибелі нидерландтық Аниш Гиримен кездесудегі тең нәтиженің арқасында 9,5 балл ұпай жинады. Жалпы максималды балл 13. Енді жас гроссмейстер қазіргі әлем чемпионы Доммараджу Гукешпен жылдың соңында әлемдік шахмат тәжі үшін күресуі керек.