Олимпиада чемпионы босанғаннан кейінгі алғашқы жарысында топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі

10 шақырымдық жарыста норвегиялық спортшы алдына жан салмады. 

Олимпиада чемпионы босанғаннан кейінгі алғашқы жарысында топ жарды
sportrbc.ru

Норвегиялық атақты шаңғышы Терезе Йохауг ана болғаннан кейінгі алғашқы жарысында жеңіске жетіп, спорттағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Йохауг Норвегияда өткен Sentrumsløpet-2026 жарысында 10 шақырымдық қашықтықта бірінші орын алды. Бұл жарыс оның 2025 жылдың желтоқсанында екінші баласын дүниеге әкелгеннен кейінгі алғашқы ресми старты болды.

Норвегиялық спортшы дистанцияны 33 минут 15 секундта жүгіріп өтті. Ол екінші орын алған Хейди Венгтен 9 секундқа озып кетті.

Йохаугтың жетістіктері

Терезе Йохауг – әлемдік шаңғы спортының аңыздарының бірі:

  • 4 дүркін Олимпиада чемпионы
  • 14 дүркін әлем чемпионы
  • Әлем кубогының жалпы есебінде 3 рет жеңімпаз атанды.