ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан үстел теннисінен Түркиядағы жарыста үздік үштікке енді

WTT Feeder Istanbul турнирінде отандастырымыз қола медаль еншіледі. 

Қазақстан үстел теннисінен Түркиядағы жарыста үздік үштікке енді
olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілдері Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды.

Қазақ спортшылары аралас жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Жарыс жолы

Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева турнир барысында үш кездесуде жеңіске жетті. Алдымен олар түркиялық Хакан Исик пен Өзге Йылмаз дуэтін 3:2 есебімен ұтты.

Кейін қазақстандық жұп Канада өкілдері Эдвард Ли мен Мо Чжанды 3:0 есебімен сенімді жеңді. Сондай-ақ Грекиядан келген Анастасиос Риниотис пен Элисавета Терпу жұбынан 3:1 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Қазақстан спортшылары Оңтүстік Корея өкілдері Чхве Дживук пен Ким Ынсомен кездесті. Бұл матчта қазақстандық дуэт 1:3 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.