ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Бибісара Асаубаева тағы бір фаворитті жеңіп, Norway Chess турнирінде лидерлігін сақтады

Қазақстандық шахматшы Norway Chess Women-2026 турнирінің төртінші турында сәтті өнер көрсетіп, жалпы есептегі бірінші орнын сақтап қалды.

Бибісара Асаубаева тағы бір фаворитті жеңіп, Norway Chess турнирінде лидерлігін сақтады
norwaychess.no

Асаубаева бұл жолы әлемнің қазіргі чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньге қарсы ойнады. Негізгі партия тең нәтижемен аяқталғаннан кейін шахматшылар армагеддон форматында қосымша ойын өткізді. Қосымша кездесуде Асаубаева қарсыласын 6 минут 23 секунд ішінде жеңді. Осылайша қазақстандық шахматшы 1,5 ұпай еншілеп, турнирдегі жалпы көрсеткішін 7 ұпайға жеткізді.

Турнир кестесіндегі жағдай

Төрт турдан кейін Дивья Дешмух, Анна Музычук пен Чжу Цзиньэр 5,5 ұпай жинады. Ал ерлер арасында франциялық шахматшы Алиреза Фирузджа армагеддондағы алғашқы жеңілісіне қарамастан 8,5 ұпаймен көшбасшылық шыңда қалды.

Бұған дейін қазақстандық гроссмейстер алғашқы турда үндістандық Хампи Конеруді жеңген еді. Екінші турда қытайлық Чжу Цзиньэрді армагеддонда ұтса, үшінші кезеңде Дивье Дешмухқа қосымша көрсеткіштер бойынша жол берген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.