Нариман Құрбанов Словениядағы турнирдің финалына бірінші орынмен шықты

Бас редактор

Зейнолла Идрисов та шешуші кезеңге өтті.

Нариман Құрбанов Словениядағы турнирдің финалына бірінші орынмен шықты
NUR.KZ

Қазақстандық гимнастшылар Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңін сәтті бастады. Бірінші іріктеу күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі спортшысы финалға жолдама алды.

Олардың қатарында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов бар.

Құрбанов іріктеуде үздік нәтиже көрсетті

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов төрешілерден 14,900 ұпай алып, финалдық кезеңге бірінші орынмен өтті.

Идрисов та финалда өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Зейнолла Идрисов та шешуші кезеңге шықты. Ол іріктеу кезеңінде 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Осылайша ат снарядындағы финалда Қазақстаннан бірден екі гимнастшы медаль үшін таласады.

Ал сақинадағы жаттығуда сынға түскен Роман Маменов іріктеу қорытындысы бойынша 13-орын алды. Бұл нәтиже оған финалға шығуға жеткіліксіз болды.

Финалдар 30 мамырда басталады

Словениядағы турнирдің финалдық кезеңдері 30 мамыр күні басталады.