Чехия президенті Формула-1 жарысында фотограф қызметін атқарды

Бас редактор

Ол "Хунгароринг" автодромында кәсіби фотоаппаратпен жұмыс істеп, жарыс сәттерін түсірді.

Чехия президенті Формула-1 жарысында фотограф қызметін атқарды
Informat.ro

Чехия президенті Петр Павел автоспортқа деген қызығушылығын тағы бір мәрте көрсетті. Ол Венгрия Гран-приіне арнайы барып, жарысты трибунадан емес, фотограф ретінде бақылаған.

Петр Павел "Хунгароринг" автодромына кәсіби фототехникамен және FIA-ның ресми аккредитациясымен келген.

Фото: oxu.az

Алғашқы тәжірибе емес

Петр Павел ірі автоспорт жарыстарына фотограф-әуесқой ретінде бұған дейін де қатысқан.

Маусым айында ол Франциядағы әйгілі "24 сағат Ле-Ман" жарысына барған. Ол кезде де Чехия президенті кәсіби фотоаппаратын бірге алып, жарыс сәттерін таспаға тартқан.

Айта кетейік, Петр Павел көптеген жылдар бойы спорттық фотографиямен әуестенеді.

Бұған дейін ол Брнода өткен MotoGP және World Superbike жарыстарын суретке түсірген. Сондай-ақ NASCAR мен "Дакар" раллиін түсіру үшін АҚШ пен Сауд Арабиясына барған.