Гонконгте Қазақстан әнұраны шырқалды: семсершілер тарих жазды (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Қазақстан ерлер құрамасы Гонконгте семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті.

Гонконгте Қазақстан әнұраны шырқалды: семсершілер тарих жазды (ВИДЕО)
Спортты дамыту дирекциясы

Шпагашылар тарихи алтын медаль жеңіп алды

Ерлер арасындағы шпага бәсекесінде ел намысын Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қорғады. Олар турнир барысында қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, финалға дейін жетті.

Қазақстан құрамасы алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Украинамен сынға түсті. Тартысқа толы финалдық бәсеке 45:40 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Қазақстан өз тарихында алғаш рет шпага сайысынан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Әлем чемпионатындағы нәтижелер

Қазақстандық семсершілер жарыс жолында бірнеше мықты қарсыласты жеңді:

  • Қазақстан — Финляндия — 45:39
  • Қазақстан — Өзбекстан — 28:27
  • Қазақстан — Дания — 45:36
  • Қазақстан — Мысыр — 41:32
  • Қазақстан — Украина — 45:40

Әсіресе Өзбекстан құрамасына қарсы кездесу аса тартысты өтіп, отандастарымыз бір ұпай айырмасымен жеңіске жетті.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының шпага сайысындағы ең жоғары жетістігі былтырғы әлем чемпионатының қола медалі болған.