"Қазақстан барысы" атанған палуан әкім болды

Бас редактор

Жаңа басшыны аудан тұрғындарына Абай облысының әкімі Берік Уәли таныстырды.

"Қазақстан барысы" атанған палуан әкім болды
Almaty.tv

Қазақ күресінен танымал палуан, "Қазақстан барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жаңа әкімді жергілікті активке облыс әкімі Берік Уәли таныстырды. Бұған дейін Нұғымаров Аягөз ауданы әкімінің орынбасары және аудан әкімінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарған болатын.

Қай жерде дүниеге келген?

Айбек Нұғымаров 39 жаста. Ол Абай ауданындағы Құндызды ауылында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын "Дене шынықтыру" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Нұғымаров еңбек жолын Семей қаласында қазақ күресі бөлімінде оқытушы-жаттықтырушы қызметінен бастаған. Кейін спорт мектептерінде нұсқаушы-әдіскер, қазақ күресінен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді.

Қазақ күресіндегі жетістіктері

Айбек Нұғымаров — қазақ күресінен бірнеше дүркін әлем чемпионы.

Ол 2013 және 2019 жылдары "Қазақстан барысы" республикалық турнирінде жеңімпаз атанды. Сонымен қатар қазақ күресі мен самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Көпшілік оны түйе палуан ретінде жақсы таниды.

Спорттағы мансабынан кейін Айбек Нұғымаров мемлекеттік және әкімшілік қызмет саласында жұмыс істей бастады.

Осы бағытта ол заңгер мамандығын да меңгерген. Алты жыл бойы Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры қызметін атқарды.