Закир Найманбаев қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
Қазақстандық спортшы Закир Найманбаев Power Slap 22 турнирінде сенімді жеңіске жетті. Белградта өткен жарыста отандасымыз канадалық Райан Кенниді нокаутқа түсіріп, ауыр салмақтағы чемпиондық айқасқа бір қадам жақындай түсті.
Сербия астанасы Белградта Power Slap 22 турнирі өтті. Бұл жарыста Қазақстан атынан Закир Найманбаев өнер көрсетіп, кезекті айқасын канадалық Райан Кенниге қарсы өткізді.
Найманбаев жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады
Закир Найманбаевтың қарсыласы Райан Кенни "Каратель" лақап атымен танымал. Дегенмен бұл жолы канадалық спортшы қазақстандыққа лайықты қарсылық көрсете алмады.
Найманбаев қуатты соққысымен қарсыласын нокаутқа түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Қазақстандық спортшы жеңісті сериясын жалғастырды
Белградтағы жеңіс Закир Найманбаевтың Power Slap ұйымындағы позициясын нығайта түсті.
Ол турнир алдында ауыр салмақ рейтингінде екінші орында тұрған еді. Ал Райан Кенни дивизионның үздік ондығына кірмеген болатын.