Футбол
Бөлімдер

FIDE Қазақстан мен Қытай арасындағы шахмат текетіресіне баға берді

Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының жетінші турында құрамалар тең түсті. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

FIDE Қазақстан мен Қытай арасындағы шахмат текетіресіне баға берді
sportilinet.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының жетінші турында Қытаймен тең түсті. Көшбасшылар арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) бұл кездесуді турдың басты матчтарының бірі ретінде атап өтті.

FIDE шолуында екі құраманың да турнирді өте сенімді өткізіп жатқаны аталып өтті. Алғашқы екі тақтадағы партиялар тең аяқталып, матч тағдыры үшінші және төртінші тақтада шешілді.

Бірінші тақтада Бибісара Асаубаева Қытай өкілі Чжу Цзиньэрмен тең түсті. Елназ Қалиахмет Янь Тяньциді жеңіп, Қазақстанға маңызды ұпай әкелді. Ал Меруерт Камалиденова Лу Мяоиға есе жіберді.

Нәтижесінде екі команда да бір-бір жеңістен алып, жалпы есеп теңесті.

Қазақстан екінші орында тұр

Жеті турдан кейін Қазақстан мен Қытай құрамаларының еншісінде 13 командалық ұпайдан бар.

Қосымша көрсеткіштер бойынша Қытай көш бастап тұр, ал Қазақстан құрамасы екінші орында келеді.

Айта кетейік, сегізінші турда Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанмен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?