Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур Турловпен бірге сайлауға түскен үндістандық шахмат аңызы Вишванатан Ананд FIDE президентінің орынбасары қызметін атқарады.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
24.kz

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды.

26 қыркүйекте Самарқандта өткен FIDE Бас ассамблеясы аясындағы сайлаудың екінші турында Турлов 196 дауыстың 110-ын жинап, жеңіске жетті.

FIDE-нің ресми сайлау құжаттарында Тимур Турлов президенттікке, ал Вишванатан Ананд оның орынбасары қызметіне бірлескен кандидаттар ретінде тіркелген болатын.

Вишванатан Ананд Турловтың орынбасары болады

Тимур Турловпен бірге сайлауға түскен үндістандық шахмат аңызы Вишванатан Ананд FIDE президентінің орынбасары қызметін атқарады.

Ананд – шахмат тарихындағы 15-ші әлем чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы. Ол бұған дейін Аркадий Дворкович президенттік өкілеттігін уақытша тоқтатқаннан кейін FIDE президентінің міндетін атқарған. 

Айта кетейік, FIDE Бас ассамблеясы 26-27 қыркүйек күндері Самарқандта өтеді. 

Биыл президенттікке үш жұп тіркелген: Тимур Турлов – Вишванатан Ананд, Ян Хенрик Бюттнер – Малкольм Пейн және Вадим Розенштейн – Гордон Танг. 

Қазір Самарқандта 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы да өтіп жатыр. Турнирге Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатысуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?