Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Азиия ойындарында биіктікке секіруден күміс медаль алды

Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында биіктікке секіруден екінші орын алды.

Қазақстан Азиия ойындарында биіктікке секіруден күміс медаль алды
Спортты дамыту дирекциясы

Овчинникова 1,84 метр биіктікті бағындырды. Ал өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева 1,87 метр нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша қазақстандық ел қоржынына күміс медаль салды. 

Финалда өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Надежда Дубовицкая да 1,84 метрге секірді. Ол талпыныстар нәтижесіне қарай бесінші орынға тұрақтады. 

Есеке салайық, Овчинникова 2023 жылы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Осыған дейін ерлер арасында 5000 метрге жүгіруде отандасымыз Максим Фроловский финалда 7-орыннан көрінді. Мәреге бахрейндық бірінші жетті. Жарыс қожайыны Томонори Ямагучи күміс, Гульвир Синх (Үндістан) қола медаль еншіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?