Көкбөріден қазақ көкпаршылары "күмісті" қанағат етті
Бұл спорт түрінен Қырғызстан құрамасы жеңімпаз атанды
egemen.kz
Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен финалдық кездесу қазақ және қырғыз көкпаршылары өзара бақ сынасқан болатын. Бірінші кезең тартысқа толы болды. Десе де, айыр қалпақты ағайындар 5:1 есебімен алға шықты.
Ойынның екінші кезеңінде есеп 8:3-ке жетті. Ал соңғы кезеңде қырғыздар басымдығын одан әрі арттыра түсті. Есеп 10:4.
Осылайша байрақты бәсекенің алтын жүлдесін иеленді. Бұл Қырғызстан құрамасының Астанада өтіп жатқан көшпенділер ойындарындағы 11-ші алтын медалі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet