Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирде жеңіске жетті

Бас редактор

Жарыс 19 жасқа дейінгілер санатындағы үстел теннисшілері арасында өтті. 

Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирде жеңіске жетті
NUR.KZ

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшелері Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадирова Бутами қаласында өткен (Грузия) WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді. 

Турнир барысында біздің жұп қарсылас шақ келтірмеді. Ақтық сында жерлестеріміз беларусьтік Даниил Виторский/Анастасия Фролова жұбымен кездесіп, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.