Қазақстан теннисшілері Иранды жеңді
Үстел теннисінен ел намысын қорғап жатқан ерлер командасы Иранды қапы қалдырды
Sportburo.kz
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін Иран командасымен шеберлік байқасты.
Кездесу нәтижесінде жергілікті спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетіп, 7-ші орынға жайғасты. Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында үшінші рет қатарынан үздік сегіздікке еніп отыр.
Айта кетелік, аталған турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet