Атырауда спорт басқармасының басшысы 1,7 млн теңге пара алған

Редактор Penalty.kz
11.10.2024, 17:24

Шенеунікке қатысты тергеу ісі толығымен аяқталған. 

Атырауда спорт басқармасының басшысы 1,7 млн теңге пара алған
kaz.inform.kz

Дастанбек Қоспанов биыл наурызда ведомствоға қарасты ұйымнан спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. Тергеушілер оның осы және басқа қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады.

«Оның ведомствоға қарасты Олимпиадалық резерв даярлау орталығының бапкерінен спортшыларға оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін 1,7 миллион теңге пара алғаны анықталды. Тергеу оның мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілген өзге де қылмыстарға қатысы барын растады.

Аталған қылмыстық істер бойынша күдіктілер мен олардың қорғаушылары сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысуда», - делінген Антикор мәліметінде.

Айта кетейік, Қоспанов облыстық спорт басқармасының басшысы қызметіне 2023 жылғы шілде айында тағайындалған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір