17 жастағы қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова Астанада өткен UWW әлем чемпионатында екі алтын жүлдеге ие болды.
17 жастағы қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова Астанада өткен UWW әлем чемпионатында екі алтын жүлдеге ие болып, 10 дүркін әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық спортшы екі санат бойынша сынға түсті: «GI» (кимоно) және «NO GI» (кимоносыз).
Оның қарсыластары 18-20 жас аралығындағы спортшылар болды. Жарыстың алғашқы күні Жібек Украина, Испания, Ресей және Қазақстан өкілдерімен 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Екінші күні ол төрт қарсыласпен кездесіп, барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Жібек бірінші жеңісін қазақ халқына арнағанын, ал екіншісін аты аңызға айналған самбошы Самат Рамазанов пен оның жаттықтыратын академиясына арнағанын айтты.
Айта кетейік, Жібек Құлымбетова Самат Рамазановтың академиясында биылдан бері легионер ретінде жаттығып жүр.