Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бұл жарыс Мысырдың Исмаилия қаласында өтті.
Қазақстандық Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде «алтын» медаль жеңіп алды. Бұл жарыс Мысырдың Исмаилия қаласында өткен болатын.
Қазақстан құрамасының атынан шыққан 11 жастағы спортшы қыз 13 жасқа дейінгі жастар санатында үздік атанды. Бекмұхамбетова жеті кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, Жания 2024 жылдың тамызында Хорватияда өткен турнирде де жеңімпаз атанған болатын.