ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Елімізде спорт басқармаларының басшыларын тағайындау бойынша арнайы комиссия құрылды

Бұл туралы тиісті министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елімізде спорт басқармаларының басшыларын тағайындау бойынша арнайы комиссия құрылды
digital.report

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі облыстық спорт басқармаларының басшыларын тағайындау бойынша арнайы комиссия құрды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау құқығы Туризм және спорт министрлігіне берілді.

Арнайы комиссияны министр Ербол Мырзабосынов басқарады.

«Облыстық спорт басқармалары басшылары лауазымына үміткерлер кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті, коммуникативтік дағдылары, стратегиялық ойлау және моральдық-этикалық қасиеттері сияқты бірқатар критерийлер бойынша бағаланады. Үміткерлерді ұсынуды жергілікті атқарушы органдар мен министрлік қана емес, сондай-ақ азаматтардың өздері де жүзеге асыра алады», — делінген министрліктің хабарламасында.

Жаңа комиссия өз жұмысын бастап, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы спорт басқармаларының жаңа басшыларын тағайындады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.