Қазақ қызы халықаралық турнирде "алтын" алды
Отандасымыз 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турниріне қатысып, алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.
Айта кетейік, дәл осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарысқа қатысып үшінші орын иеленген болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.