Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бибісара Асаубаева сырқаттанса да, сыр білдірмей әлемдік гран-приде «қола» еншіледі

Редактор Penalty.kz
09.11.2024, 11:01

Жуырда Шымкентте әйелдер арасында шахматтан әлемдік гран-при турнирінің екінші кезеңі аяқталды.

kazchess.kz
kazchess.kz

Шымкентте әйелдер арасында шахматтан әлемдік гран-при турнирінің екінші кезеңі аяқталды. Зияткерлік сайыста Ресейлік Александра Горячкина жеңіске жетті. Екінші орын қытайлық Тань Чжуньи-ге бұйырды. Ал отандасымыз Бибісара Асаубаева сырқатына қарамастан үздік үштікті түйіндеп, қола медаль еншіледі. 

«Турнирді екіге бөліп айтайын. Себебі 5-ші кезеңге дейін жақсы ойнап, өзіме көңілім толды. Ал кейін ауырып қалдым. Бірақ сырқатыма қарамастан қарсыластарыммен ойынға шықтым. Бұл жолы Катерина Логно және Александра Горячкинамен жарысым тартысты болды. Енді жыл соңында Нью-Йоркте өтетін әлем чемпионатына баруды жоспарлап отырмын», - деді Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева. 

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 600 мың доллар. Оның 120 мың доллары – жалпы есепте үздік болған он ойыншыға үлестіріледі. Ал ең көп ұпай жинаған қатысушы 2026-шы жылы өтетін «шахмат тәжі» жарысының жолдамасына ие болады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір