Алексей Нидің інісі де спорттан өмір бойына шеттетілді

Редактор Penalty.kz
08.11.2024, 16:36

Әу баста Викторға 4 жылдық шектеуге ілігу қаупі төніп тұрған еді. 

Алексей Нидің інісі де спорттан өмір бойына шеттетілді
wfrk.kz

2009-2023 жылдар аралығы ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы болған Виктор Ни Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) тарапынан қатаң жазаланды. Ол өзінің ағасы Алексей Ни секілді өмір бойына спорттан шеттетілді. Бұл туралы Sportarena.kz хабарлады. 

22 жыл бойы ұлттық құраманы жаттықтырған Алексей Ни 2016 жылғы Олимпиададан кейінгі допинг дауына байланысты қызметінен кеткен еді. 

 ITA-ның ағайынды Ниларға қатысты тергеу жұмыстарын бастауы да дәл сол жағдай себеп болды. 

Бірақ бастапқыда Викторға 4 жылдық шектеуге ілігу қаупі төнген болатын. Бірақ ақырында ITA-ның не себепті Викторға қарсы осындай сорақы шешім шығарғаны белгісіз. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір