Тастанбек Есентаев: Қазақстанда спорттық нысандарға ортақ стандарт енгізу керек

Редактор Penalty.kz
08.11.2024, 12:16

Спорт кешендерін әркім әртүрлі салады.

Тастанбек Есентаев: Қазақстанда спорттық нысандарға ортақ стандарт енгізу керек
ortcom.kz

Қазақстанда спорттық нысандардың стандарты жоқ. Нақты талаптар болмағасын, спорт кешендерін әркім әртүрлі салады. Жеме-жемге келгенде олар жарыс өткізуге не жаттығу жасауға қолайсыз болып жатады. Бұл жөнінде елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Тастанбек Есентаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ортақ стандарттар енгізу керек. Бұған қоса, елімізде спорт кешендерінің жетіспеушілігі қатты байқалады. 

Туризм және спорт министрлігінің әр 1000 адамға 80 шаршы метр жабық спорт кешені болу керек деген бұйрығы бар. Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде Павлодар және Жамбыл облыстарында тәуір. Яғни, сәйкесінше, 63 және 64 процентті құрайды. 

Ал, ең төмен көрсеткіш Алматы және Астана қалаларында. Яғни, бұл жерлерде спорт нысандарының жетіспеушілігі кәдімгідей байқалады. 

Шалғай ауылдар мен аудандарда инрфрақұрылым мәселесі, тіптен, мүшкіл дейді мамандар. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір