Елімізде мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасы әзірленді

Сарапшы, спорт журналисі

Құжат ерекше спортшыларымыздың қозғалыс еркіндігі мен жарыстарға қатысу шарттарын кеңейтуге бағытталған.

Елімізде мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасы әзірленді
GOV.KZ

Елімізде «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізілуі мүмкін. Яғни бірінші топтағы мүгедектігі барларға сайысқа түсу кезінде көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Бүгін Мәжілісте Туризм және спорт министрі осыған қатысты заң жобасын ұсынды. Құжат ерекше спортшыларымыздың қозғалыс еркіндігі мен жарыстарға қатысу шарттарын кеңейтуге бағытталған. Ол спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасауға септігін тигізбек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір