ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қытайлық қазақ төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Әйелдер арасындағы командалық жүгіруден Қытай құрамасы 3 минут 2.20 секунд нәтиже көрсетті. 

Қытайлық қазақ төрт құрлық чемпионатында топ жарды
kaz.inform.kz

Қытайдағы қазақ қызы Ақнар Адақ конькимен жүгіруден Жапониядағы төрт құрлық чемпионатында алтын медаль иеленді. 

Синьхуа агенттігінің ақпарына сәйкес, әйелдер арасындағы командалық жүгіруден Қытай құрамасы 3 минут 2.20 секунд нәтижемен жеңіс тұғырына көтерілген. Осылайша, Ақнар Адақ төрт құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Ақнар Адақ Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.