ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Балалар спортына бөлінген қаражат ұрланды

Көкшетау қаласының прокуратурасы спорт секцияларын қолдауға арналған бюджет қаражатынның қолды болғанын әшкереледі.

Балалар спортына бөлінген қаражат ұрланды
aikyn.kz

"Artsport және DamuBala бағдарламалары шеңберінде балаларға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арналған спорт секцияларын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау бойынша қылмыстық схемалар анықталды", - деп хабарлады құзырлы  орган өкілдері.

Мәселен Көкшетаудағы мемлекеттік тапсырысты жеткізушілердің бірі орындалған жұмыстар туралы құжаттарды ұсынған. Бірақ балалар сол спорттық сабақтарға мүлдем қатыспаған.

Осыған байланысты прокуратура алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.