Қазақстандық фристайлшы әлем кубогының негізгі кезеңіне іріктелді
Грузияның Бакуриани жерінде ерлер арасында фристайл-могулдан әлем Кубогының кезеңі басталды.
Қазақстан намысын Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков және Максим Емельянов қорғады.
Іріктеу раундын тек Павел Колмаков өте алды. Ол негізгі жарысқа 15-орынмен шықты. Бондарев 36-шы нәтиже көрсетсе, Бугаков - 38-ші, ал Емельянов - 42-ші болды.
Бірінші орынды канадалық Микаэль Кингсбери еншіледі.
Ерлер мен әйелдер жекелей сындағы медальдар жиынтығын 20 желтоқсанда сарапқа салады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.