Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Астанада шаңғы маусымының ашылу салтанаты өтті

Сарапшы, спорт журналисі
22.12.2024, 19:07

Орталық саябақтағы шаңғы-роллер жарыс жолына оқушылардан бөлек егде жастағы тұрғындар да шықты.

Астанада шаңғы маусымының ашылу салтанаты өтті
24kz

Қысқы шаңғы маусымының ашылуына орай ұйымдастырылған жарыстың алғашқы сайысына 11 жасқа дейінгі балалар қатысты. Олар 500 метр қашықтыққа жарысып, жылдамдығы мен төзімділігін сынады. Ал 12 жастан асқандар бір шақырымға жүгірді.

“Шаңғыдан кейін күні бойы сергек жүресің. Бәрін спортқа, шаңғы тебуге шақырамын. Керемет. Күн райы бүгін тамаша болып тұр. Күннен күнге осы жарысқа қатысушылар өте көп келіп жатыр. Жастар болсын, үлкен кісілер болсын,” – дейді жарысқа қатысушы Мұрат Смағұлов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медаль, диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Мәреге соңынан жеткен қатысушылар да елеусіз қалмады. Таза ауада шаңғымен жүріп, бойға күш-қуат аламын десеңіз - Орталық саябақ аумағына келіңіз. Шаңғы-роллер жолағына кез келген адам өз сайманымен тегін шыға алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір