Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бейжің олимпиадасының чемпионы бұған дейін Вьетнамды жаттықтарған.
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстанның қосалқы құрамасын баптайды. Бұл туралы ол “Спорт Плюс” арнасына берген сұхбатында атап өтті.
Сәрсекбаевтың айтуынша, алдағы уақытта эскперименталды құраманы баптап, 18-22 жас аралығындағы қыз-жігіттерді дайындайды. Мұндағы негізгі мақсат – құрамаға резерв жасақтау.
“Бұған қатысты арнайы жоспарым бар. Нақты қай бағытта жұмыс істейтінімізді ақылдасып, шешетін боламыз”, - деді Бақыт Сәрсекбаев.
Сәрсекбаев бұған дейін де елдің резерв құрамасын жаттықтырған. Кейін олардың арасынан Тұрсынбай Құлахмет әлем біріншілігінде қола жүлде иеленді.