Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бұл сома мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жасалған келісімшарттар негізінде анықталды.
Ең көп қаражат бөлген өңірлердің көшбасында Алматы қаласы тұр – ₸23,31 млрд.
Көптеген облыстарда қаржының басым бөлігі футбол және хоккей сияқты кәсіби клубтарды қолдауға бағытталған. Мысалы Алматыда негізгі шығындар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне және спорттық нысандарды ұстауға жұмсалған.
Шығыс Қазақстан облысында спорттық жеткізушілермен жасалған келісімшарттарда қатаң талаптар қойылған. Егер белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілмесе, тапсырыс беруші келісімді біржақты бұзып, шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Бұл тәжірибе кейбір сот процестеріне әкелген.
Кейбір өңірлер бірнеше жылға арналған келісімшарттар жасасуды жөн көреді. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысы хоккей командасын қолдау үшін 2025-2027 жылдарға ₸2,66 млрд бөлуді жоспарлап отыр.
Жалпы 2024 жылы өңірлердің спортқа жұмсаған қаржысы келесідей бөлінді:
1. Алматы – ₸23,31 млрд
2. Атырау облысы – ₸19,67 млрд
3. Ақтөбе облысы – ₸11,82 млрд
4. Қарағанды облысы – ₸7,09 млрд
5. Шымкент – ₸7,08 млрд
6. Ақмола облысы – ₸6,08 млрд
7. Астана – ₸5,7 млрд
8. Түркістан облысы – ₸5,65 млрд
9. Жетісу облысы – ₸5,4 млрд
10. Батыс Қазақстан облысы – ₸4,93 млрд
11. Маңғыстау облысы – 3,76 млрд теңге
12. Солтүстік Қазақстан облысы – ₸3,75 млрд
13. Қостанай облысы – ₸3,67 млрд
14. Абай облысы – ₸3,35 млрд
15. Павлодар облысы – ₸3,2 млрд
16. Жамбыл облысы – ₸2,51 млрд
17. Шығыс Қазақстан облысы – ₸2,4 млрд