ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы Дохада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан құрлықтық чеммионатта кезекті "алтынға" қол созды. 

Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды
Vesti.kz

96 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Денис Полубояринов алтыннан алқа тақты. 

Ол қоссайыста 366 (161+205) келіні бағындырды. 

Ирандық Сепах Амирхосейн - 349 (162+187) кг жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Үштікті тағы бір парсы шығанағының өкілі Эсфандиари Мохаммад - 334 (152+182) кг түйіндеді. 

Екі күн бұрын Ақжол Құрманбек әлем рекордын екі рет жаңартып Азия чемпионы болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.