Бибісара Асаубаева әлем чемпионатын қорытындылады
Нью-Йоркте шахматтан блиц сыны бойынша әлем чемпионаты мәреге жетті.
@bibisarachess
Турнир нәтижесінде Қазақстанның үздік шахматшысы Бибісара Асаубаева жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
Асаубаева жартылай финал үшін таласта қытайлық Лэй Тинцзеге 2,5:1,5 есебімен жол берді. Осылайша ол рапид пен блицтегі нәтижелерді қоса есептегенде Нью-Йоркте үздік сегіз шахматшының қатарына кірді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер төменде ұсынылған:
1. Цзюй Вэньцзюнь (Қытай)
2. Лэй Тинцзе (Қытай)
3. Екатерина Лагно (Ресей) және Рамешбабу Вайшали (Үндістан).
Ал ерлер бәсекесінде тарихи оқиға тіркелді. Мұнда бір емес екі жеңімпаз болды. Ресейлік Ян Непомнящий мен норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен бірінші орынды өзара бөлісті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet