Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың әйгілі балуанымен Алматыда белдесуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл туралы Кәсіпқой күрес лигасының (PWL) Instagram-парақшасында жазылған.

Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың әйгілі балуанымен Алматыда белдесуі мүмкін
vesti.kz

Қазір тараптар келіссөздер жүріп жатыр. Бұған дейін де екі балуан арасында белдесу өтеді деп жоспарланған. Бірақ белгісіз себептермен екеуі күреспей қалды.

Ризабек Айтмұқан соңғы рет Таразда Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған турнирде жартылай финалда АҚШ спортшысы Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен жеңіліп, үшінші орын алды.

Айта кетейік, Снайдер ақпан айында Алматыда өтетін PWL-8 турнирінде бақ сынайды. Екеуара белдесу осы жарыста болуы мүмкін.

Кайл Снайдер 2015 жылы әлем чемпионы атанып, 2016 жылы Риода топ жарды. Ал Токиода өткен ойындарда күміс жүлде иеленді. Былтыр Парижде қола медаль үшін парсы балуанына есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір