Қазақстандық семсершілер жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогында кезекті медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Отандастарымыз Фуджайрада өтіп жатқан әлем Кубогының рапира сынында қола медаль еншіледі.

Қазақстандық семсершілер жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогында кезекті медаль жеңіп алды
olympic.kz

Біздің қыздар командалық жарыста үздік үштіктен көрінді. Қазақстан намысын бұл сында София Ақтаева, Алена Гноева, Алина Ескендірова және Алуа Нұрқанова қорғады. 

Қола медаль үшін таласта қазақстандықтар чехиялықтардан басым түсті. Есеп 45-31.

Еске сала кетсек, бұған дейін София Ақтаева жекелей сында алтын медаль иеленді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір