Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысатын ұлттық құраманы ресми түрде жариялады.
Шара 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы” РМҚК хабарлады.
Команда құрамында 10 спорт түрі, соның ішінде биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген парашаңғы бойынша елдің атынан өнер көрсететін 103 спортшы бар.
Биатлон
Ерлер: Вадим Куралес, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Ержанат Қуандық, Никита Акимов.
Әйелдер: Арина Крюкова, Айша Рақышева, Милана Генева, Полина Егорова, Алина Скрипкина.
Шорт-трек
Ерлер: Санжар Жеңісов, Әлішер Әбілқатымов, Дәмір Құрманов, Айбек Темірхан, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Валерий Клименко.
Әйелдер: Алина Ажғалиева, Яна Хан, Зейнеп Құмархан, Полина Омельчук, Анастасия Галечина, Малика Ермек.
Шаңғы жарысы
Ерлер: Святослав Матасов, Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабек, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков.
Әйелдер: Анастасия Ротова, Лаура Қыныбаева, Мария Геращенко, Елизавета Толмачева, Әсем Жұмағазиева, Алеся Бочкарева.
Мәнерлеп сырғанау
Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Софья Самоделкина.
Спорттық бағдарлау
Ерлер: Давид Сиволапов, Иван Биткин, Александр Фирсов, Никита Иост, Илья Таганашкин.
Әйелдер: Ангелина Кузьмина, Евгения Завьялова, Карина Боранбаева, Анжелика Гарифова, Валерия Чупина. Фристайл: Анастасия Городко, Аяулым Әміренова, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов, Семен Русаков.
Тау шаңғысы
Александра Скороходова, Ксения Бережная.
Хоккей
Ерлер командасы: 24 спортшы, оның ішінде Иван Гавриленко, Джелал-Ад-Дина Әмірбеков, Абылайхан Сүлейменов.
Әйелдер командасы: 22 спортшы, оның ішінде Әлмира Ибрагимова, Карина Әмірова, Регина Салтысова.
Пара шаңғы жарысы
Денис Зинов, Роман Курбанов.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы Қысқы Универсиадаға 57 елден шамамен 2000 студент-спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасында 11 спорт түрі бойынша 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады. FISU ережелері бойынша қатысушылардың жасы 17-25 аралығында болып, жарысатын елдің азаматтары болуы және жоғары оқу орнында оқып жүрген немесе Универсиада басталғанға дейін бір жылдан ерте емес бітірген болуы тиіс.