ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Елдос Сметов елден кетті

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов әйелімен бірге Лондонға көшті.

Елдос Сметов елден кетті
liter.kz

Бұған дейін Сметов Лондонға тіл үйрену мақсатында кететінін мәлімдеген. Ол Парижден келген бойда шетелдегі жарыстарда тіл тұрғысынан қиналып, біршама кедергілерге тап болатынын айтқан. Енді осы кемшіліктің орнын толтырмақшы. Оқу курсы 4 айға созылады.  

Қалай дегенмен Елдос татамиді тастаммайды. Дзюдошы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына баруды көздеп отыр.

Елдос танымал жапондық дзюдошы Наохиса Такато екеуі дос. Ал ағылшын тілін білмеудің кесірінен спортшымен толыққанды әңгімелесуде қатты қиналатынын мәлімдеген. 

"Болашақта Такатомен емін-еркін әңгімелесе алатын дәрежеге жетемін деп ойлаймын. Себебі қазірден бастап ағылшын тіліне ден қоя бастадым. Маған тілдік орта қажет. Сондықтан тіл үйрену үшін басқа елге кетемін” – деді Сметов.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.