ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Азияның үш дүркін чемпионы үлкен спорттан кетті

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елжана Таниева спорттық мансабын аяқтады.

Азияның үш дүркін чемпионы үлкен спорттан кетті
olympic.kz

Таниева бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті.

Өзінің спорт залына алғаш төрт жасында барғанын айта келіп, гимнастиканың өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын жеткізді. Қуанышты сәттермен қатар кедергілердің де болғанын айтқан спортшы өз бапкерлеріне алғысын білдірді. Әсіресе, Әлия Юсупованың екінші анасына айналғанын атап өтті.

Елжана Азияның үш дүркін жеңімпазы, Азия ойындарының екі күміс иегері, Марбельядағы Гран-при жарысының алтын жүлдегері және әлем кубогының жүлдегері саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.