Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Танымал футболшы Бауыржан Исламханның жанұясы жол апатына ұшырап, аман қалды.
Бұл туралы футболшының жары әлеуметтік желіде бөлісті. Massaget.kz хабарлауынша, апат осыдан бір ай бұрын желтоқсанда Тараз-Шымкент тасжолында болған. Исламханның жұбайы Еркежан Исламхан апат болған күнді еске алды.
“16.01.2025. Өмірге деген көзқарасымды өзгерткен оқиғадан кейін міне бір ай. Бөліссем бе екен, бөліспесем бе екен деп ұзақ ойландым. Бәрі мені қайда жоғалып кетті деп сұрап жатыр. Көбіне демалуға бір жаққа кеткенде немесе өмірімде бәрі ғажап сәттерге толғанда осылай желіге ештеңе жүктемей кететінмін. Бірақ бұл жолы емес", - деп жазды футболшының жары.
Ол бір ай бұрын отбасының түгел жол апатына ұшырап, аман қалғанын айтты.
"Желтоқсанның 16-сына қараған түні біз отбасымызбен түгел жол апатына ұшырадық. Бірақ бір ғажайыптың арқасында бәріміз аман қалдық. Бұл бір Жаратқанның қалауы, соның ғажайыбы", - деді Еркежан Исламхан.
Еркежан Исламхан бұл жағдайды сынақ деп қабылдағанын жеткізді.
"Отбасымызға көз тиді ме, сөз тиді ме білмеймін. Дегенмен бір өлім аузынан аман қалдық. Мұны да бір сынақ деп қабылдадым", - деп жазды ол.
Бауыржан Исламхан - қазақстандық кәсіби футболшы, 1993 жылы 23 ақпанда Таразда дүниеге келген. Қазір "Ордабасы" футбол клубының жартылай қорғаушысы. Ал жары Еркежан Исламхан блогерлікпен айналысады.