Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қатар Ұлттық Олимпиадалық комитетінің вице-президенті, Азия ауыр атлетика федерациясының басшысы Мұхаммед Юсуф әл-Мана іссапарымен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің штаб-пәтеріне келді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев Мұхаммед Юсуф әл-Мананы Қатар ҰОК вице-президенті болып сайлануымен құттықтады.
Тараптар Қазақстан мен Қатар Ұлттық Олимпиадалық комитеттері арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Кездесу барысында халықаралық ірі спорттық іс-шараларға дайындық, спорт саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және Олимпиада қозғалысын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл кездесу екі ел арасындағы өзара әрекетті нығайтудағы маңызды қадамға айналып, болашақтағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Айта кетейік, бұған дейін Мұхаммед Юсуф әл-Мананы Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын. Мемлекет басшысы құрметті қонаққа ауыр атлетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі “Достық” орденін табыстады.