Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

ҰОК қысқы Азия ойындарында ұлттық құраманы қолдауға бағытталған иллюстрация ұсынды

Редактор Penalty.kz
22.01.2025, 16:16

Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындары қарсаңында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті суретші Әйгерім Кәрібаевамен бірлесе отырып, ел спортшыларын қолдауға бағытталған бірегей иллюстрация жасады.

 

ҰОК қысқы Азия ойындарында ұлттық құраманы қолдауға бағытталған иллюстрация ұсынды
olympic.kz

Иллюстрацияда қысқы спорт түрлері – шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, хоккей, конькимен жүгіру және шаңғы спорты авторлық стильде бейнеленген. Жұмыс этно-модерн стилінде орындалып, ұлттық дәстүрлер мен заманауи өнер үйлесім тапқан.

“Иллюстрацияны жасау барысында әр спорт түрінің ерекшеліктерін бөлек көрсеткім келді, бірақ олар біртұтас композиция ретінде көрінуі керек еді. Әр спорт түрінің ерекшеліктерін байқап, олардың барлығын байланыстыратын стилистиканы табуға тырыстым. Әр кейіпкердің өзіндік ерекше киім үлгісін ойлап таптым. Бұл иллюстрация тек әдемі ғана емес, сонымен қатар қазақ елінің ұлттық ерекшеліктерін бейнелейді. Сондықтан ұлттық ою-өрнек, көк және көгілдір түстердің реңктері қолданылды. Нәтижесі көңілімнен шықты деп ойлаймын”, – деді Әйгерім Кәрібаева.

“Бұл иллюстрация арқылы біз спортшыларымызға қолдау білдіруді ғана емес, сонымен қатар спорт пен өнердің көп ұқсастығы бар екенін көрсеткіміз келді. Екеуі де адамдарды біріктіре алады. Көпсалалы жарыстар тек спорттық шара ғана емес, сонымен бірге мәдениет тоғысқан үлкен оқиға. Әртүрлі елдерден келген спортшылар мен делегациялар өзара танысып, қарым-қатынас орнатады. Біз жасаған иллюстрация қазақстандық спорт туралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениетіміздің ерекшелігін де көрсетеді”, – деп атап өтті Қазақстан ҰОК-нің PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шүкенова.

Харбиндегі Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан биатлон, керлинг, ски-альпинизм, хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, фристайл-акробатика, тау шаңғысы және мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын оқығың келе ме? Біздің Telegram арнамызға жазыл!
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір