ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық каратэшілер әлемдік додадан бес медальмен оралды

Байрақты бәсеке Франция астанасы Парижде өткен болатын. 

Қазақстандық каратэшілер әлемдік додадан бес медальмен оралды
olympic.kz

Франция астанасы Парижде өткен «The Karate1-Premier League» жарысын қазақстандық каратэшілер сәтті аяқтады. Спортшыларымыз 5 медаль еншіледі. 

Халықаралық рейтинг жарысында Софья Берульцева мен Әсел Қанай күміс медальге қол жеткізсе, Мөлдір Жаңбырбай,  Диас Анарбек, Қайсар Алпысбай "қола" алды.

Айта кетейік, бұл турнирге әлемдік рейтингтегі үздік 32 спортшы ғана қатыса алады. Барлық салмақ дәрежесі бойынша Парижде 70 елден келген 375 спортшы бақ сынап, 12 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жарыстың келесі кезеңі енді Қытайда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.